RUKZEN

Астана қаласының триатлон федерациясы – бұл Астана қаласында триатлонның дамуына бағытталған қоғамдық ұйым, Қазақстан триатлон Федерациясы үлкен отбасының мүшесі


Триатлон – бұл рухы және денесімен мықтылар спорты.  Салауатты өмір салтын ұстанатын замануи адам үшін спорт түрі. Әрдайым жұмыс пен жеке мүдделер арасында күйзеліске тап болатын жағдайда триатлон дене мен ойдың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл өз-өзіңді, өз ойларыңды  жеңе білу, себебі финишке жетіп, өзіңді жеңу үшін – өз-өзіңе сене білу қажет.


ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ:

- Қала тұрғындарын триатлонмен шұғылдануға баулу, әуесқой триатлонды дамыту;

- Балалар және жасөспірімдер арасында триатлонды дамыту;

- Кәсіби триатлеттердің спорттық шеберлігін арттыру;

- Бапкерлер мен төрешілерді дайындау және олардың біліктілігін арттыру.

 

Қазіргі таңда мемлекеттің, бизнес-қауымдастығы мен Федерацияның қолдауыменен бірлескен іс-қимылдары арқасында Астана қаласында триатлонмен шұғылдану үшін барлық жағдайлар жасалған:

- «World Class Astana» фитнес орталығында әуесқой және балар секциялары жұмыс істеуде;

- "Барыс-Арена" спорт кешенінде Циклді спорт түрлері академиясы ашылды және жақын арада қаланың басқа да фитнес орталықтарында секциялар ашу жоспарлануда; 

- № 9 спорт мектебі негізінде балаларға арналған триатлон секциясы жұмыс істеуде;

- қажетті инфрақұрылым жасалған (Триатлон-парк саябағы, бассейндер, манеждер);

- «Doctor Sport» спорттық медицина орталығы ашылды;

- жергілікті және халықаралық жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуде үлкен тәжірибе алынды ( «ITU World Cup Astana 2018» триатлон бойынша Әлем Кубогы, қысқы триатлон бойынша Чемпионат, «Nauryz Indoor Triathlon», балалар жарысы, акватлон).

Федерация жұмысының негізгі бағыты – бұл балалр триатлонын дамыту. Балалар триатлоны туралы толығырақ сілтеме арқылы өтіп, біле аласыздар.

Федерация басшылығы

Жақсыбек Дәурен Әділбекұлы

Федерация Президенті

Исекешев Әсет Өрентайұлы

Федерацияның Құрметті Президенті

Илья Мещеряков

Федерацияның Вице-Президенті

Құралай Анарбекова

Федерацияның Вице-Президенті

Асхат Оралов

Федерацияның Вице-Президенті

Саят Батпенов

Федерацияның Бас хатшысы

Федерация жаттықтырушылары

Мұрат Аубакиров

Бас жаттықтырушы

Александр Мирончик

AGE group аға жаттықтырушысы

Диас Кунтуаров

Балалар триатлонының жаттықтырушысы

Максим Руденко

Жаттықтырушы

Дмитрий Загаринский

Жаттықтырушы

Екатерина Руденко

Жаттықтырушы

Балнұр Апжапбарова

Жаттықтырушы