RUKZEN

Temir Bala

   

 

Қолдаушы

 

 

 

Балалар триатлонын дамыту – Федерация жұмысының басым бағыттарының бірі.

Өсіп келе жатқан ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша белсенді әлеуметтік ұстанымын білдірген Федерацияның бас серіктесі – «Цеснабанк» АҚ-пен бірлесе отыра, Астана қаласында балалар триатлонын дамыту бойынша «Temir Bala» бағдарламасы жасалған болатын.

"Цеснабанк" АҚ-ның қолдауы арқасында Астана қаласында қазіргі уақытта балаларға триатлонмен айналысуға барлық мүмкіндіктер жасалған:

- № 9 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің негізінде балалар секциясы жқмыс істеуде;

- Федерация жаттықтырушылары тұрақты түрде біліктілігін арттыруда;

- балалар триатлонын дамыту мақсатында түрлі жарыстар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Бұл бағдарламаның мақсаты – тек спортшының «жүзу/вело/жүгіру» қабілеттерін дамыту емес, сонымен қатар өзіндік ойы бар және өз бетінше жаттыға алатын, шешім қабылдап, көшбасшы бола алатын, мақсат қойып, нәтижелерге жете алатын шынайы триатлетті тәрбиелеу. 

ДАЙЫНДЫҚ ЖҮЙЕСІ

5 кезеңнен тұрады:

  1. Қабілеттер мектебі – балаларды триатлонға баулу, қызығушылығын арттыру және жалпы қабілеттерін қалыптастыру;
  2. Бастапқы кезең – қабілеттерді дамыту, жеке мүмкіндіктерді анықтау;
  3. Озат кезең – қабілеттерді одан әрі жетілдіру, жеке тәсілдеме қолдану, жаттығу үрдісіне қатысу;
  4. Подиум алдыңғы кезең – нақты нәтижелерге және жетістіктерге назар аудару, жарыстарға дайындық;
  5. Подиум – финиш кезеңі, әлемдік деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізу.

Әр кезең 6 НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРДЕН тұрады:

- ОЙЫН РЕТІНДЕ ЖАТТЫҒУ – балаларды триатлонға баулу, қызығушылықтарын арттыру, өз мүмкіндіктерін, жеке негізгі қабілеттерін зерттеу.

- САНАЛЫ ТАҢДАУ – ақпаратпен жұмыс жасау, бапкерлік процеске қатысу, өз физикалық жағдайын қадағалау және дұрыс жаттығу, тамақтану мен жарыс жүйесін таңдау.

- КӨШБАСШЫ БОЛА БІЛУ – жауапкершілікті өзіне ала білу. Өздігінен шешім қабылдау және жоспарлау.

- «АҚЫЛДЫ ЖАТТЫҒУЛАР» - алуан түрлі жаттығу жүйелері арасынан өзіне ыңғайлы және тиімді жаттығу жүйесін дамыту.

- «АҚЫЛДЫ ЖАРЫС» - жарыстарда өзінің жеке қабілеттеріне негізделген өз стратегиясы мен тактикасын дамыту.

- «БАРЛЫҚ 100 ПАЙЫЗҒА АШЫЛУ» - өз-өзін нәтижеге бейімдеу, қажет кезде барлық мүмкіндіктер мен қабілеттерді шоғырландыру және пайдалана білу.

"TEMIR BALA" БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАҒАНДАР

 

 

БАЛАЛАР ТРИАТЛОНЫ БОЙЫНША СЕКЦИЯЛАР

 

№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі:  
Тел.: +7-702-356-76-42 Мұрат Әубәкіров.

Жаттығулар кестесі:

Сейсенбі

Жүзу "Барыс-Арена"

09:45; 16:45
Сәрсенбі

Жүгіру "Астана-Арена"

09:45; 16:45
Бейсенбі

Жүзу "Барыс-Арена"

09:45; 16:45
Жұма

Жүгіру "Астана-Арена"

09:45; 16:45
 

 

«World Class» фитнес орталығында:  
Тел.: +7-747-970-05-81 Диас Кунтуаров.

Жаттығулар кестесі

Дүйсенбі Жүзу

11:00; 15:00

Сейсенбі Вело

11:00; 15:00

Бейсенбі Жүгіру

11:00; 15:00

Жұма Жүзу

11:00; 15:00

 

 

 "Барыс-Арена" спорт кешеніндегі циклді спорт түрлері Академиясының балалар триатлоны секциясы:
Тел.: +7-701-709-50-49 Максим Руденко
Сейсенбі

Жүзу "Барыс-Арена"

09:45; 16:45
Сәрсенбі

Жүгіру "Астана-Арена"

09:45; 16:45
Бейсенбі

Жүзу "Барыс-Арена"

09:45; 16:45
Жұма

Жүгіру "Астана-Арена"

09:45; 16:45