RUKZEN
ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ

 Астана    30 июня - 30 июня 2018



 

2018 Kids' Aquathlon "TEMIR BALA" - балалар арасында өтетін акватлон (жүзу және жүгіру) бойынша жарыс.

1. Өткізу уақыты мен орны

Өткізу күні: 30 июня 2018 г.

Өткізу орны: Астана қ., «Барыс-Арена» көпфункционалды спорт кешені.

 

2. Жас дәрежелері мен қашықтықтары

Жас дәрежесі

Жүзу

Жүгіру

 7-8

50 м

500 м

 9-10

100 м

1000 м

11-12

200 м

1500 м

13-15

400 м

2000 м

 

3. ЖАРЫС ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МЕН ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Қатысуға 2003-2011 жылдары туылған балалар жіберіледі. Қатысушының жасы өткізілу жылының 31 желтоқсанынан анықталады.

Жарысқа қатысу өтініші сайтта ата-аналары немесе қамқоршымен онлайн түрде беріледі. Алдын ала өтініш бермеген қатысушылар жарысқа қатыса алмайды.

Жарыстың өткізілуі күні ата-анасы немесе қамқоршысы келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

Жеке куәліктің көшірмесі немесе баланың туу туралы куәлігі ;

Қолхатқа жеке қол қойған ата-анасының немесе қамқоршысының жеке куәлігінің көшірмесі ;

Ата-анасынан немесе қамқоршысынан жарысқа қатысуға рұқсат алу туралы қолхат .

Қатысушылар жарысқа қатысу үшін қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталуы керек (жүзуге арналған киім, бас киімі, кроссовкалар және т.б.).

Қатысушының жүзу қабілеті болуы керек. Жарыс барысында құтқару белбеу, белдіктерін пайдалануға тыйым салынады.

4. СТАРТ ПАКЕТІ

Старт пакетін ата-аналар немесе қамқоршылар жарыс өткізілетін күні алуы тиіс. Қатысушы тіркеуден өткеннен кейін және барлық қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін старт пакетін алады. Старт пакетін алған кезде ата-ана немесе қамқоршы қолхатқа қол қоюы керек, бұл құжатқа сәйкес ол жарыс кезінде баланың денсаулығына келтірілген зиян үшін ұйымдастырушылар жауапты емес екенін анықтайды.

Старт пакетіне старт нөмірі, түйреуіш және «TEMIR BALA» жапсырмалары кіреді.

 

5. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жарыс ұйымдастырушылары дәрігердің, мейірбикенің және құтқарушының құрамында медициналық қызметтің болуын жарыс аяқталғанға дейін қамтамасыз етеді.

Тиісті бухгалтерлік және есептік құжаттарды тіркеу, спортшыларға ауыр жарақат болған жағдайда әрекет ету, жәбірленушілерді ең жақын травмотология орталығына уақтылы жіберуді қамтамасыз ету жарыс дәрігерінің міндеті болып табылады.

 

6. ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Қатысушыларды тіркеу www.triathlonastana.kz сайтында 2018 жылдың 29 маусымында сағат 12: 00-ге дейін жүргізіледі. Жарысқа тіркелу және қатысу тегін. Қатысушыны тіркеу старт пакеттерін берудің міндетті шарты болып табылады. Тіркеу лимиті - 150 адам (қатысушылардың ең көп саны жеткенде, тіркеу автоматты түрде жабылады). Қашықтықты өту қатысушының жеке жауапкершілігі. Басқа қатысушыларға қауіп төндіретін кез-келген қатысушы бас төрешенің шешімі бойынша жарыстан шығарылуы мүмкін.

 

7. ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Уақыты

Атауы

08:30 – 09:30

Старт пакеттерін табыстау

09:45

Ашылу салтанаты. Қонақтардың алғы сөзі

10:00

Сөре

11:45

Мәре

12:00

Марапаттау рәсімі

 

8. МАРАПАТТАУ

Қашықты толығымен өтіп шыққан барлық финишерлар арнайы сыйлықтармен марапатталады. Барлық санаттардағы жүлдегерлер кубоктармен және дипломдармен марапатталады. Ресми нәтижелер www.triathlonastana.kz сайтында іс-шара аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде жарияланады.

 

9. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРМЕН БАЙЛАНЫС

«Астана қаласының триатлон Федерациясы» ҚҰ

Тел.: +7 705 294 44 80

Email: info@triathlonastana.kz.