RUKZEN
ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ

 Астана    28 июля - 28 июля 2018


Қашықтық:  Спринт;  


Өткізу уақыты мен орны: 2018 жылдың 28 шілде күні, «Триатлон-парк» саябағы;

Старт нөмерлерін берілуі: сағат 6.30-дан 7.3-ға дейін;

Транзит аймағының жабылуы: сағат 7:45-те.

Брифинг басталу уақыты: сағат 7:45-те.

Старт: сағат 8:00-де.

Старт және транзит аймағының орналасу жері: «Триатлон-парк» саябағы.

Жүзу кезеңінің өткізілу жері: «Триатлон-парк» саябағындағы Есіл өзеңі - ­750 метр;

Веложарыс кезеңі: 20 км, картаға сәйкес;

Жүгіру кезеңі: 5 км, Триатлон парк.

          Жарыс кезеңдерінің карталары мен өткізу ережелері ұйымдастырушылардың elordasport.kz, triathlonastana.kz сайттарында жарияланатын болады.

Ауа-райы мен басқа да қолайсыз жағдайлар орын алған кезде ұйымдастырушылар жарыстың бағдарламасына өзгерістер еңгізуге құқылы.

Қатысушылар санаты:

Кәсіби спортшылар

U19 (ер адамдар, әйел адамдар);

U23 (ер адамдар, әйел адамдар);

Elite (ер адамдар, әйел адамдар);

 

Әуесқой спортшылар

18 – 29 жас (ер адамдар, әйел адамдар);

30 – 39 жас (ер адамдар, әйел адамдар);

40 – 49 жас (ер адамдар, әйел адамдар);

50 – 59 жас (ер адамдар, әйел адамдар);

60 жас және одан жоғары.

 

- жалпы лимит: старт басынан 2 сағат 00 минут.

- қатысушылар санына шектеулік: 300 адамға дейін.

 

Қатысуға 18 жасқа толған денсаулығы мен дене шынықтыру жағдайы жарысқа қатысуға дайын  ер адамдар мен әйел адамдар қатыса алады.

 Ұйымдастыру комитеті қатысушыларға өздерінің медициналық шығындарын қамтитын медициналық сақтандыру полисінің болуын қамтуды ұсынады.

Старт нөмірлерін алу барысында қатысушы міндетті түрде ұйымдастырушылар жарыс кезінде алынған жарақаттар мен денсаулыққа тиген зақымдарға жауапты емес екендігі туралы мәлімдемеге қол коюға міндетті. 

Әрбір қатысушы кашықтықты өтуге өзі жауапты.  Басқа қатысушыларға қауіп төндіретін кез-келген қатысушы бас төрешінің шешімі бойынша жарыстан шығарылуы мүмкін.

Қатысушылар Ұйымдастырушылармен ұсынылған уақытша чипке ие болуы керек. Чиптің жоғалуы Қатысушының қорытынды хаттамада орын мен уақытын алып тасталуына келтіреді. Чип қатысушының нөміріне сәйкес транзиттік аймаққа кірер алдында беріледі.

Жарысқа қатысу үшін Қатысушы Астана қаласы триатлон Федерациясының triatlonastana.kz сайтында тіркелуі тиіс.

- Тіркелген қатысушы жарыстың ережесімен келіседі.

- Қатысушылар старт пакетін жеке қабылдауы керек.

- Старт нөмірін басқа адаммен ауыстыруға тыйым салынады.

- Старт пакеттерін табыстау жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде ғана жүзеге асырылады.

- Старт пакеттерін табыстау күні - 28 шілде, старт алдында.

- Старт пакеті белбеу нөмірін, велосипед нөмірін, уақыт санайтын чипті, ақпараттық буклетті, жарыс серіктестерінің материалдарын қамтиды.

Қатысу төлемінің сқмасы - 5 000 теңге.

U19, U23 және Elite санаттарындағы кәсіби спортшылар үшін тіркелу тегін.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Дулығасы (шлем) жоқ қатысушылар стартқа жіберілмейді!

- Ұйымдастырушылар қатысушыларды қоршаған ортаны құрметтеуге шақырады. Қоқыс қалдықтарын транзит аймағында және азықтандыру аймағында ғана арнайы тағайындалған жерлерде қалдыруға болады. Бұзушылық ескертуге немесе дисквалификацияға әкелуі мүмкін.

- Жеке велосипед, дулыға, жүзуге арналған бас киім болуы міндетті. Ұйымдастырушылар велосипед, дулығамен қамтамасыз етпейді.

- Жарыс ұйымдастырушылары маршрутқа, уақытқа, жарыстың форматына, басталу және тіркеу уақытына өзгертулер жасауға құқылы.

18 жасқа толмаған адамдар қатыса алмайды.

Қатысушы өзінің жеке денсаулығы үшін жауапты және жарыстың барлық шарттарымен, соның ішінде жарыстың бағытымен танысу керек.

- Басқа қатысушыға өз нөмірін беруге тиым салынады.

Техникалық қызмет көрсету: Старт алдында велосипедтер үшін тегін қызмет болады.



Қосымша ақпарат: + 7-702-356-76-42.