RUKZEN
ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ

Қашықтық:  Спринт;  


2018 жылдың 18 ақпан күні Астанада алғашқы рет қысқы триатлон бойынша қалалық Чемпионат өткізілген болатын. Бұл іс-шараның басты мақсаты - елордамызда триатлонды дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. 

Жарысқа Қазақстанның түкпірінен және шетел мемлекетерден (Ресей, Украина, Латвия) келген 250-ден астам адам қатысты. Қатысушылар арасында халықаралық дәрежелі спорт шеберлері, Олимпида мен паралимпиада қозғалысының спортшылары, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялардың жұмысшылары, қазақстандық шоу-бизнестің өкілдері, әскери қызметкерлер мен студенттер де бар. Іс-шара жүргізушілері ретінде Нұрлан Абдуллин мен Александр Олейник шақырылған болатын.

Жарысқа қатысу тегін, қатысушылар өз жас дәрежелері бойынша бөлінген болатын. Қатысушылардың жасы 18 жастан басталды. Ең үлкен қатысушының жасы - 77 жас.

Чемпионат келесі арақашықтықтарға өткен болатын: жүгіру – 3 км, веложарыс – 5 км және шаңғымен жарыс - 5 км.

Барлық міреге жеткен қатысушылар мен үздік нәтижелердің иегерлері медаль және құнды сыйлықтармен мараптталған болатын.

 


Шараның толық видео жазбасын біздің youtube-арнамыздан көре аласыз https://www.youtube.com/watch?v=HqUrMLMNBcU&t=1s.

Ал фотосуреттер Facebook парақшамызда - https://www.facebook.com/AstanaTriathlon/.