RUKZEN

 28 августа 2018

Астанаға қош келдіңіз!

Әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі ретінде Қазақстан жыл сайын көптеген халықаралық спорттық жарыстар өткізіп тұрады.  Сол себепті әр түрлі мемлекеттерден келген спортшылар біздің еліміздің қонақтары болып жатады. Соның ішінде ару қала Астанамызға шетелдік азаматтар көптеп келуде.

АСТАНА

Астана – қарқынды дамып келе жатқан, заманауи, жас қала. Барлық қазақстандықтарға Астана мәдени, қоғамдық және спорттық орталыққа айналды. Сіздің қызығушылықтарыңыз, сапар мақсаттарыңыз немесе жоспарларыңызға қарамастан, бұл әсем қала сізге ұмытылмас эмоциялар сыйлап, сіздің жүрегіңізде мәңгі қалатына сенімдіміз.

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР

Әрбір мәдениетпен танысу ұлттық тағамдардан басталады. Қазақ асханасы негізінен қамыр мен еттен тұратын тағамдардан құралады. Көптеген жағдайларда, бұл қазақ халқының ғасырлар бойы ұстанған көшпелі өмір салты және мал шаруашылығымен байланысты.  Қымыз, шұбат және айран тәрізді ет қабылдауды ынталандыратын сусындардан бастау ұсынылады. Ыстық тағамдардан қуырдақ, сорпа, палау сізді нағыз көшпенді ретінде сезінуге көмектеседі.  Бауырсақ – бұл нанның бір түрі, үстелге керемет қосымша болады. Ал қазақ дастарханының басты тағамы – бұл, әрине, бешпармақ. Ол қайнатылған ет, сорпа және қамырдан тұрады. Барлық осы тағамдарды сіз ұлттық нақыштағы келесі мейрамханаларда дәм таталасыз:

"Farhi" мейрамханасы

"Qazaq Gourmet" мейрамханасы

«Астана Нұры» мейрамханасы;

«Арнау» мейрамханасы

Jt Jumbaktas мейрамханасы

МӘДЕНИЕТ

Қазақ халқының мәдениеті және тарихымен толығырақ танысу үшін қаламыздың мұражайларына баруға болады. Мұражай қызметкерлері сізге қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде экскурсия жасай алады:

ҚР Ұлттық мұражайы Орталық Азияда ең үлкен болып табылады ;

ҚР Тұңғыш Президенті Кітапханасы, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі заманауи тарихы .

БОС УАҚЫТ

Бос уақытты көңілді өткізу үшін арналған орындар да Астанада аз емес. Есіл өзенінің жағалауы өзінің жазғы кешкі серуендерімен, әдемі көріністерімен және көңілді ырғағымен адамдарды тартады. Қаламыздың сол жақ жағалауында орналасқан Нұржол бульвары, өнерсүйер адамдарға ерекше ұнауы тиіс, себебі дәл сол жерде көптеген сурет көрмелері, конерттер және т.б. көптеген іс-шаралар өткізіледі. «Золото», «Ухо и Медведь», «Grammy», «The Barley» секілді орындарда әр түрлі тілдерде ән айтып, көңіл көтеруге болады. «Mega», «Keruen» ,«Sary Arka» ,«Khan Shatyr» сауда орталықтарында киәм-кешек сатып алып, кинотеатрларға баруға болады.

СПОРТ

Триатлонның ерекшеліктерін ескере отыра, біз сіздерге жаттығатын орындардың тізімін жасадық:

Жүгіру және вело:

Жасыл белдеу аймағындағы велосипед жолы;

Триатлон саябағы;

Президент саябағы;

Жерұйық;

«Астана» Орталық саябағы.

Жүзу:

Барыс Арена;

«Алатау» спорт кешені;

«Казахстан» спорт сарайы;

«Астана» спорт кешені.

Кешендер:

World Class Astana;

«Сарыарка» республикалық велотрегі.

Барлық аталған орындар арнайы сіздің жайлылығыңыз үшін таңдалған!

Сапарыңыз сәтті болсын!

Пайдалы сілтемелер:

Trip advisor

Давай сходим

Конвеншн бюро