RUKZEN

 20 февраля 2018

Барлық жаттықтырушылар мен спортшылардың арманы – бұл жеңіске кепілдік беретін дене мен сананың мінсіз параметрлері. Триатлон - ерекше спорт түрі, ол жоғары жылдамдықты, күш және керемет тұрақтылықты талап етеді. Бұл қасиеттердің бақытты иегері жоғары ықтималдықпен триатлон жұлдызына айналуы мүмкін, ал қарапайым спортшылар үшін бұл керемет нәтиженің негізі.

Біз соңғы үш маусымда өткен Олимпиада ойындары жеңімпаздарының нәтижелерін талдадық және чемпиондардың көрсеткіштерін анықтадық. Алынған нәтижелер ішкі логиканы анықтау үшін медициналық талдаудан өткізілді:

Көрсеткіш

Ер адам

Әйел адам

Жасы (жылдар)

26,4 (24-26)

30,1 (26-34)

Бойы (м)

1,79 (1,76-1,84)

166,2 (157-177)

Салмағы (кг)

65,9 (59-72)

55,6 (50-64)

Дене массасының индексі

20,5 (19,1-22,1)

20,2 (17,5-25,9)

  • Дене массасының индексі – адам салмағы мен бойы сйкестігін анықтауға мүмкіндік беретін өлшем. Осы өлшем арқылы адам салмағының жеткіліксіз, қалыпты немесе шамадан тыс екендігін анықтауға болады.  

2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында триатлон бойынша чемпиондарды туралы болжам жасайтын болсақ, олар келесі көрсеткіштердің иегерлері болулары мүмкін: 

  1. Қазір ер адамдар арасында олимпиадалық медальдарға үміткерлер 20-24 жас аралығында, ал әйел адамдар 26-30 жас аралығында болуы тиіс;
  2. Спортшының бойына қарамастан, дене массасының индексі ер адамдарда 20,5, әйел адамдарда 20,2 сәйкес болуы керек.

Тағы бір маңызды корытынды. Триатлон тірек-қимыл аппараты, эндокринді, психоэмоционалды, ең бастысы жүрек-қантамыр жүйесіне үлкен күш түсіреді. Сондықтан міндетті түрде спорттық дәрігерлерде, диетолог мамандары мен спорттық психологтарда медициналық тексерілуден өту қажет.

Дерек көз: http://doctorsport.kz/blog/post/idealnyj-triatlet