RUKZEN

 19 сентября 2018

Австралияда Халықаралық триатлон одағының (ITU) жыл сайынғы ХХХІ конгрессі өтті. Осы жылы конгресске 46 мемлекет өкілдері қатысты. Дәстүр бойынша конгресс тек континендалды конфедерацияларды ғана емес, ұлттық федерациялардың да басын қосты. Олардың ішінде Қазақтанның өкілдері де болды.

Іс-шара Халықаралық триатлон одағы, ұлттық федерация жұмыстарының нәтижесін шығаруға, сондай-ақ триатлон бойынша өткізілетін жарыстардың сапасын арттыру, триатлонды әлемдік спорт аренасында одан әрі дамыту бойынша сұрақтарын талқылауға бағытталған болатын.

Әрі қарай талқылау тақырыбы алдағы жоспарлар мен жұмыстың басты бағыттарының таныстыруына ауысты. Сондай-ақ, 2019 жылға жарыстар кестесі ұсынылған болатын. Сол кестеге сәйкес, келесі жылы Астана екінші рет триатлон бойынша Әлем Кубогын өзіне қабылдайтын болады.

Фото: triathlon.org.kz