RUKZEN

 12 октября 2018

Соңғы жылдары триатлон Қазақстанда, әсіресе Астана қаласында үлкен танымалдылыққа ие болды. Осы спорт түрімен шұғылданатын қала тұрғындарын Астанынң спорттық объектілерінде жиі кездестіруге болады. Көптеген басқа спорт түрлерінің кәсіби спортшылары өздерін триатлонда сынап көруде. Мұның себебі триатлон адамдарда қызығушылық тудырады. Бұл өте қарқынды және болжам жасауға келмейтін, тосын сыйларға толы спорт түрі. Қашықтықты өту барысында барлығы бірер секунд ішіндн өзгеріп кетуі мүмкін. Жеке мен үшін триатлнмен танысу Астана қаласының қысқы триатлон бойынша бірінші Чемпионатынан басталды.
Кейін эстафета жарысы барысында жүгіру кезеңіне қатыстым. Бірақ осы жылы Астанада өткен «ITU Әлем Кубогы» мен «IRONMAN 70.3 Astana» жарыстарының жанкүйері ретінде тамашалағаннан кейін, менде триатлондағы барлық үш кезеңді өз бетімен өтіп шығуға құлшыныс пайда болды. Сүйтіп ойламаған жерден қалалық спринтерлік арақашықтыққа өткен «Астана-Триатлон 2018» жарысына қатысып, бірінші жүлделі орынға ие болдым! Жарты жыл бұрын ғана мен өзіміді бұл спорт түрінде елестете де алмап едім, ал қазір алдымда жаңа мақсат - «IRONMAN 70.3 Astana 2019»!