RUKZEN

 21 сентября 2018

Федерация жаттықтырушылары «Жұлдызай» II Республикалық Спартакиадасына төрешілер ретінде қатысты.

Бұл жыл сайынғы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жарыс болып табылады.

Іріктеу кезеңдері еліміздің 16 өңірінде 3000-нан астам спортшылардың қатысуымен жеңіл атлетика, мини-футбол, жүзу, үстелді теннис, гол-бол, асық ату, бес тас секілді 7 әр алуан спорт түрлерінен өтті.

Финалды жарыстар Астанада 400-ден астам қатысушылар арасында өткізілді.

Біздің жаттықтырушылар жүзу мен жүгіру жарыстарына төрешілер ретінде қатысып, бұл іс-шараға өз үлестерін қосты.