RUKZEN

 02 июля 2018

Жарысқа 7 мен 15 жас аралығындағы 100-ден астам бала қатысты. Жас спортшылар өз жас категорияларына сәйкес әр-түрлі қашықтықтарды өтті. Жүзу кезеңі «Барыс-Арена» көпфункционалды мұз айдынындағы еліміздегі ең үздік, халықаралық олимпиадалық деңгейге сай, көптеген танымал спортшыларды таңқалдыратын бассейнде ұйымдастырылды. Жүгіру кезеңі спорт кешенінің қасында орналасқан аймақта жалғасты. Сол жерде қатысушылар жарысты аяқтап, медальдар мен «TEMIR BALA» кубоктарын иеленді. 

Іс-шара елордалық триатлон Федерациясымен ұйымдастырылды. Балаларға арналған ерекше жарыс туралы Федерацияның Бас хатшысы Саят Батпенов айтып берді:

«Акватлон – бұл триатлонның бастауы. Біз бүгін Федерацияның Бас серіктесі «Цеснабанк» АҚ-мен бірлесе жасалған «TEMIR BALA» балалар арасында триатлонды дамыту бойынша бағдарламасы аясында алғашқы жарысымызды өткіздік. Осы бағдарламаны жасау барысында біз халықаралық тәжірибе мен жақында Астанада өткен триатлон бойынша Ілем Кубогының қонақтары -  триатлон бойынша Әлем Чемпионы – Дмитрий Гааг, австралиялық атлеттер берген кеңестерге құлақ түрдік. Бағдарлама аясында елордамызда триатлонды дамыту бойынша барлық жағдайлар жасалужда: секциялар ашылуда, жаттықтырушылардың оқытуы мен біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда және бүгінгі жарыс секілді балалар үшін іс-шаралар өткізілуде. Жағын арада бұл бағдарлама өз жемістерін беріп, біздің елімізде әлемге танымал триатлон бойынша чемпиондар мен жарқын спорт жұлдыздары пайда болады деген сенімдеміз. Бұл Қазақстан Федерациясының Президенті Кәрім Мәсімовтың біздің алдымызға қойған мақсаттарының бірі. Бүгін қолдау кқрсеткен барлық серіктестерге алғыс білдіреміз».

"Барыс-Арена" спорт кешені "Astana" ӘКК сенімгерлік басқаруында, сол себепті әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация ретінде біз жалпыұлттық салауатты өмір салтын насихаттау идеясын ұстанамыз. Сонымен қатар 16 шілдеден бастап, "Барыс-Арена" бассейнін қала тұрғындары үшін ашуды жоспарлаудамыз. Енді әрбір адам өз сүікті спорт түрімен біздің бассейнде айналыса алады ", - деп "Astana" ӘКК басқарма төрағасы Нұрлан Жакупов мәлімдеді. 

Қатысушылар ұл бала мен қыздар арасында 8 жас категориясына бқлінді. Әр каегорияның өз жеңімпаздары атанды. Толығырақ нәтижерлермен сілтеме арқылы өтіп біле аласызда.