RUKZEN
ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ

 Астана    24 июня - 24 июня 2018


Қашықтық:  Спринт;  


Өткізу уақыты мен орны

Астана қаласы, 24 маусым 2018 жыл.

Сайтта тіркелу 23 маусымның сағат 16:00 - ге дейін созылады.

Старттық нөмірлерді "Бәйтерек" монументі алдында сағат 07:00-ден 08:30-ға дейін созылады.

Старт сағат 09:00-де.

Әр қатысушы өзімен куәлік құжатын алуы тиіс.

Жарыс ұйымдастырушылары

Жарыс "Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы" ММ басқаруымен Астана қаласы триатлон Федерациясының қолдаумыен өтеді. 

Жарыс қатысушылары

Жарысқа қатысуға ынтасы  бар, денсаулығы бар және дәрігер рұқсаты немесе өзінің денсаулығына дербес жауаптылығы туралы қолхаты бар барлық адамдар шақырылады (ер және әйел, 16 жастан бастап  жасөспірімдер).

Марапаттау

Жарыс өткізу шығындары «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ  жүктеледі.

Тіркелу

Тіркелу Астана қаласы Федерация триатлонының сайтында онлайн түрде 23 маусым сағат 16:00-ге дейін өткізілетін болады. 

Ережелер және нұсқаулар

Спорттық екі түрі үш дистанцияда өтеді.

  1. Жүгіру – 5 км;
  2. Веложүгіру – 20 км;
  3. Жүгіру – 2,5 км.

Қатысушылар саны шектеулі - 500 адам. Өз велосипедінің болуы міндетті. Ұйымдастырушылар велосипедтермен қамтамасыз етпейді.

Максималды уақыт-150 минут беріледі. Осы уақыт аралығында барлық қашықтықта жүріп өтпеген қатысушы жарыс жолынан шығарылады.

Қатысушылар келесі жас пен жыныс дірежелері бойынша бөлінеді:

  1. 16-29;
  2. 30-39;
  3. 40-49;
  4. 50-59;
  5. 60+.

         Тіркеу кезінде әр қатысушыға қатысу үшін сөре пакеті, тіркеу нөмірімен бірге, су, велосипедке жабыстырма және уақытын белгілеу үшін чип беріледі. 

         Нәтижелер: жарыстың хронометражы арнайы жабдықпен іске асырылады, қатысушылар уақыты белгілеу үшін чиптер тағып жүреді.  Нәтижелер туралы ақпарат сайтта жарияланады.

          Сөре бәріне жалпы! Тетікті кесіп өткен кезінде уақыт дербес саналады (асфальт үстінде арнайы мат). Бұл – стартта бірінші қатарға тұруға қажеті жоқтығын көрсетеді.

Қатысушылар таймтриалды (разделочные) велосипедтен басқа кез келген велосипедте стартқа жіберіледі. Сондай-ақ тежегіш қалталардан тыс және зауыттық орнатқыштармен жабдықталмаған, қауіпсіздік жастықшаларын (шезлонгтарды) орнатуға тыйым салынады.

         «Астана-Бәйтерек» монументі алдында транзиттік аймақ қоршалады, онда қатысушылар қажетті жарақтарын, веложүгіріске арналған киім-кешектерін қалдыра алады. Транзиттік аймаққа сағат 07:00 бастап 08:45 дейін кіруге болады. Транзиттік аймаққа сағат 08:45 бастап кіруге тыйым салынады.  Старттық пакетті алғаннан кейін ғана тасымал аймақта қажетті жарақтарын және жүгіруге арналған киім-кешектерін қалдыра алады.  Транзиттік аймақ алдында қатысушыларға су және банан таратылады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: транзиттік аймақта велосипедпен жүруге тыйым салынады!!! Тасымал аймаққа кірер алдында жаяу жүру керек, яғни велосипедтен түсіп.

Велокезеңде дулыға (шлем) кию қажет. Дулыға ( шлем) кимеген кезде жарысқа жіберілмейді.

Велокезеңінде оң жақты ұстану кажет. Озу (алға шығу) тек сол жақтан болады!

Жарыс біткен соң транзиттік аймаққа өту және нөмірін көрсету (нөмірмен ғана кіргізеді), өзінің заттарын және велосипедті алу, велосипедтегі және кеудешедегі нөмірінің сәйкестігін күзетшіге көрсетіп, транзиттік аймақтан шығу керек.

Жанкүйерлер тек қоршаудың сыртында тұру керек және жарыс алаңына жіберілмеуі керек. Егер жанкүйер қатысушыны велокезеңге дейін шығарып салса, қатысушы ойыннан шығарылады.

Жарыс ережесі сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін  әзірленген. Өтініш жарыстың барлық ережесін сақтаңыздар. Жарыс бұзушылары ойыннан шығарылады және қара тізімге еңгізіледі.

- Жарысқа өзгерісті ұйымдастырушылар енгізуге құқығы бар.

- 16 жастан кішілер жарысқа қатыса алмайды.

- Қатысушы өз денсаулығына дербес жауапты және барлық жарыс жағдайларымен  дербес танысу қажет,  сонымен қатар жарыс маршрутымен.

- Өзінің нөмірін басқа тұлғаға беруге тыйым салынады.

- Тас жол және тау велосипедтері арасында бөліну болмайды, қатысушы кез-келген велосипедте қатысуға болады.

Тазалық және тәртіпті сақтауларыңызды сұраймыз. Бос құтылар, қоқыс және т.б. заттарды тастауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!  Осындай жағдайдың болған кезінде қатысушы ойыннан шығарылады!

Осы жарыстың ұйымдастырушылары жарыс қатысушыларының денсаулығына жауап бермейді.

Техникалық қызмет көрсету: Алаңның алдында старт болмай тұрып тегін вело қызмет көрсетіледі.

Жарыс барысында қатысушы нөмерін киіп жүру керек!

Жанкүйелер, достар, таныстар – транзиттік аймаққа жіберілмейді!

Жарыс ауа-райына өзгеруіне қарамастан өтеді!

Ақпарат үшін байланыс телефондары: 26-63-47, 57-63-37.